09.06.2022
  119


Автор: Мерғали Ыбыраев

Сол жолменен

"Күнбатыс-ай , тфә, тфә...
мұнша неге өртендің,
Үйде омалмай сыртқа шықшы, мұнда
келші, ей келін!
Мына күннің батуы-ай, қып-қызыл
боп жалындап,
Соғыс жылы... дәп осылай батушы
еді ерте күн.
Қу жүрек-ай, запы болған, өрікпідің
о, неге,
Сонау ... сонау... арбалы ма,
қарауытқан төбе ме?!
Жасаураған көзін сүртіп
жаулығының үшімен,
Қара жолға қайта-қайта үңіледі
кәрі әже.
Үрейлі ме, бірте-бірте қарауытқан
төңірек,
Тыным алмай тың тыңдайды әрі
кетіп,бері кеп,
Қой, ешкілер қамалмаған, дүбірлетіп
тыста жүр,
Сауылмаған қасқа сиыр азан-қазан
мөңіреп...
Жаңғырығып кешкі таулар тұрған
басын көк сүйіп,
Еміс-еміс құлағына... арба дауысы
кеп тиед...
О, өмір-ай, ... ұлы кеткен, оралмаған
жолменен,
Қайтып келе жатыр енді немересі шөп тиеп!





Пікір жазу