09.06.2022
  107


Автор: Мерғали Ыбыраев

Жұбана алман бір күндікке...

Жұбана алман бір күндікке,
Көп жұбанса, көп те бөлек.
Қонақ едім бұл тірлікке,
Кел демек бар, кет демек жоқ.
Жөн таба алмай ұйлығасың,
Жол айырық – екі арада.
Бүгін төрде сыйлы басың,
Қалар ертең босағада.
Бірі пәни – жол айырық,
Екіншісі – бақи деген.
Бүгін жырды қал айырып,
Бақида кім оқиды өлең?!
Көрге түсіп – көрген қалды,
Артымда жоқ ақтар куә.
Өмірінде сөнген жанды
Өлгеннен соң мақтау күнә.
Қиянатты ұмыта алман,
Жүрек қара, жүзім кірбең.
Бал тамбаған, уы тамған
Өлгем мен де – қызыл тілден.





Пікір жазу