09.06.2022
  105


Автор: Мерғали Ыбыраев

Ер мен ез

Ер жүзін көр топырақ тасалады,
Ез адам шаш ал десе, бас алады.
Ез ісі – езбе малта қашан дағы,
Ерлік те Елдік үшін жасалады.
Ел жетім – Ері өлген, мен де жетім,
Байқалар қайда барсам кем-кетігім.
Жамауын жамап-жасқап, бүтіндесіп,
Ер таныр..., келгенінде Елге тыным.
Ел бірақ Еділ, Ертіс сияқтанып,
Көктемде көмейінен мұз ақтарып.
Тасыйды.., тулап, шулап, тағыланып,
Ерді де ерте кетер бірақ қағып.
Ер сонда алпарысып, толқынменен,
Күн батар, ол да батар сол күнменен...
Жарқырап қайта шығар жаңа күнмен,
Миықта ұйып қалған күлкіменен!..





Пікір жазу