09.06.2022
125
Қоштасу
Таңдадың неге жол басқа?!
Толушы ең Ерлан он жасқа.
Сүйікті едің – туысқа,
Сүйкімді едің – жолдасқа;
Ақірет жапқан өң басқа,
Қара жер батар жанбасқа.
Қойынымда жатқан құлыным,
Сен басқа енді, мен басқа;
Ертістің суы анам-ай,
Мейірің енді қанбас па?!
Артында қалдым амалсыз,
Шығарда екен жан басқа;
Үй басқа енді, көр басқа,
Болайын берік болмасқа.
Анаң да отыр аңырап,
Толғандай қара қан басқа;
Үмітім едің, не шара,
Бола ма деген марғасқа,
Көзіме неге көріндің,
Өкінтер болсаң әу, баста...
Келмейсің қайтып білемін,
Жыладым жалғыз, жүдедім.
Мен үшін туған ұл едің,
Сен үшін өмір сүремін!