09.06.2022
139
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-06-06-00-39-43.png)
Табиғи сурет
Суретке түсті екеуі: -
Ұлы менен атасы.
Пошымдарын қарап ап,
Былай деді фоташы:
- Ау інішек, бет алдың,
Көлеңкелеу, басың бұл.
Оң қолыңды атаңның,
Мойынына асылдыр.
Әйтпесе бұл сурет,
Табиғи боп шықпайды.
- Күл кішкене, көрсін жұрт,
Жүзінде жоқ, түк қайғы.
Атасы айтты: онда ұлым,
Отырмасын жай, мына...
Табиғи шығар суретің,
Мініп түссе мойныма.