meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  09.06.2022
  119


Автор: Ескен Елубаев

ОМОНИМДЕР

* * *
Алды да көп асықты,
Бала ойнауға асықты.
* * *
Қораға қойды,
Қамап қойды.
* * *
Əкелген құртты,
Жеп тауысып құртты.
* * *
Тамашалап тойды,
Қызығына тойды.
* * *
Аралап қырды,
Қасқырды қырды.
 * * *
Оқып болып сабағын,
Жұлды сəбiз сабағын.
* * *
Кездеме мата – атлас,
Географиялық карта – атлас.
***
Театрда орынды,
Ертерек сайлау орынды.





Пікір жазу