09.06.2022
  95


Автор: Ескен Елубаев

ЛОГОГРИФТЕР

***
Үйге ен,
Қойшы ден,
Iшiнде еден
Төселiптi неден?
***
Басталды шатақ,
Алам деп атақ,
 Мiнем деп тақ
Таласқан көп-ақ.
***
Ағаш басына Тиiн
Тауып қуыс иiн,
Жасап алыпты iн.
***
Қоршап ап,
Қойдық лап,
Оқ дəрi ауаны улап,
Мылтық аттық қасқыр аулап.





Пікір жазу