09.06.2022
230
Сурет
Шам түбінде жалғыз әйел,
Жалғыз үміт сөнбейді.
Сұр қабырға – сахнасы театрдың,
Қабырғада әлсіз көлеңке көлбейді.
Тұншыққандай барлық дыбыс,
Тыныштыққа өлшеусіз,
Өлең рухы күңгірт тартқан,
Көлеңкедей – қан-сөлсіз.
Тарс жабылған күңгірт есік,
Қалғып кеткен – қадалмай:
Перде сусып жабылғанда,
Ашылатын жанардай!..