09.06.2022
288
Жым-жырт жолда
Қайдасың сен, белгісіздеудерегің,
Жым-жырт жолмен сені іздеп келемін.
Қар жауып тұр,
Қар әппақ,
Жел кезеді кезеңдерде жалақтап,
Жел жазықта тосылды,
Аң біткендер орман жаққа жосылды.
Сенің әппақ маңдайың да – әппақ қар,
Әппақ қарда ой кезе ме, сақтап қал.
Жұмбақ, жұмбақ, жанарың да, күлкің де,
Сөздерің де – бәрін ұғу мүмкін бе?!
Жым-жырт жолда түн басқан,
Тұра алам ба, сені соңнан қумастан.
Қара түнде әппақ денең ашық жара секілді,
Қара түнде әппақ болған ой да ашық,
Ұйықтауға кетіп бара жатқандайсың жай басып.
Сені іздеймін құшағынан қара түн,
Қара жолда талғанымша қанатым.
Айналада аңдар ізі шұбырған,
Әппақ қардан ойларыңды ұғынғам,
Желге мінген жаным сені іздедім,
Өзің барсың, көрінбейді іздерің...