09.06.2022
  126


Автор: Мерғали Ыбыраев

Төрт тарау – төрт таңдау

Бір биеден ала да, құла туар,
Төрт балам бар, төрт түрлі мұраты бар.
Бірі – дәрігер, юрист, бірі – актер,
Болам дейді, түрі жоқ тұра тұрған.
- Бала шіркін – десек те – не біледі?
Сүйсініп, сүйгеніне жүгіреді.
- Боксер болам! – деп кенжем кекіл қойған,
Шіп-шидей білектерін түрінеді.
Өзім ғой сүйенері, тіреуі де,
Бәрі де жете көрсін тілеуіне.
Күдіктенем ..., тек қана неге оның,
Мен боламын демейді біреуі де?!





Пікір жазу