09.06.2022
120
Әттен, әйелсін ғой...
Тросстайын үзіліп қалған бұрымың да,
Айтшы өзің: құлмын ба, әлде ұлмын ба?
Шығарма деп сені мұңнан сүйрелеп,
Өзім де келіп баттым тағы бір мұңға,
Айтшы өзің: құлмын ба, әлде ұлмын ба?!
Бірдеме айтшы!
Өз сорымнан көрейін.
Үндемейсің. Сенің түгел кенейің:
Еркек болсаң жібермес ем есемді,
Әйелсің ғой, әйелсің ғой не дейін...