09.06.2022
  120


Автор: Мерғали Ыбыраев

Таусылмайтын «АРМАН»

Ескі аңызға үңілді,
- Ең бір асыл нұсқа деп
Тыным алмай жүгірді,
- Тұңғыш кітап шықса – деп.
Болып алды ер тіпті,
- «Дача» алуға толса – деп.
Екілене ентікті,
- Екі кітап болса – деп.
Ой жапсырып құранды,
- Соңғы болсын күшім? деп
Үшіншісін шығарды,
Мүше болу үшін так.
Жаза-жаза өлеңді,
Көзін жазып – өнерден.
Сөрелерде көнерді,
Ақын емес – өлермен!
Нарқын ұқпай қымбаттың,
Шәлем-шалыс мінезі.
Өзі жазған жинақтың,
Оқырманы бір өзі.
Арман және қинап жүр,
Шимайлайды толғана.
Жаңа жырын жинап жүр,
- Оқырманға?
- «Волгаға!»





Пікір жазу