09.06.2022
  104


Автор: Мерғали Ыбыраев

«Ыңғайы»

- Уәде болмай жылдағы,
Ыңғайы келмей тұрғаны.
Ыңғайы болса соғарсың,
Ыңғайлы кезде бір тағы.
- Адамды осы құртады,
Ыңғайы болмай тұр тағы.
Ыңғайлы кезде қысылмай,
Ыңғайын тауып кір тағы.
Болдым-ау саған мен ермек,
Сан соқтым талай сенем деп.
Шығарып салдың ыңыранып,
«Ыңғайы келсе көрем» деп.
Келіп те көрдім, келмей де,
Сеніп те көрдім, сенбей де.
«Ыңғайың» келсе мендейге,
Дөкейлік қалмас сен «Дөйде!»





Пікір жазу