09.06.2022
  116


Автор: Мерғали Ыбыраев

Уақыттың кеткені-ай, өтіңкіреп

Уақыттың кеткені-ай, өтіңкіреп,
Жеткізбедім тұрғанда, жетіңкіреп.
Өткізбедім тұрғанда, өтіңкіреп,
Күндерімнің жүргені-ай жетімсіреп.
Жүдеу емес, толықтау секілді едім,
Импорт товар секілді өтімді едім.
Осынша азып-тозып, жүдеп-жадап,
Қу көңіл қанағатсыз не тіледің?!
Жастық шақтың өзі де шабыт білем,
Бұл күндерім сидиған, арық кілең.
Талай-талай тұтқасын жұлып алған,
Есіктерге именіп, қағып кірем...





Пікір жазу