09.06.2022
  143


Автор: Мерғали Ыбыраев

Жауап

Біреулердің сөзінше – ақын-ақпын,
Біреулердің көзінше – ақымақпын.
Өлтірсен – өлтірсенші ақыры аттың.
Керегі не дәл мендей ақымақтың
Кезі бар адастырған аппақ боран,
Қурамай қалғаным бар аптапта аман.
Бар болса ағаш оғы тағы да атсын,
Қазақтың қай аузына қақпақ болам.
Расында: ақымақ та, ақын да емен,
Сужүрек қорқақ та емен, батыл да емен.
Көше атын бемей-ақ қой өлгеннен соң,
Қалса болды:
Мерғали атында өлең!





Пікір жазу