09.06.2022
99
Қалайша айта аламын?
Қалайша айта аламын?
Қалайша айта аламын,
Келмейді,
Басқаны қайталағым.
Сен өзің бір түрлісің,
Басқаға ұқсамайсың,
Құсы едің біздің ауыл,
Бұл жақта қыстамайсың.
Сен өзің бір түрлісің,
Кешемін бәрін-бәрін.
Қылықты күлкің үшін,
Сыртың ғой қарапайым,
Көрген көз сұқтанбайды,
Сыңайы – сылқым ішің,
Сен өзің біртүрлісің.
Тағы да айта аламын?
Келмейді,
Басқаны қайталағым.
Жай ғана құрметіңді,
Жүз есе қайтарамын,
Басқа не айта аламын?..