09.06.2022
  96


Автор: Мерғали Ыбыраев

Өлімді қызғану

Соңғы ірет...
Өртенгім кеп, жанғым кеп,
Гуілдеген көрік-желден алдым леп.
Тым болмаса тыңайтқышқа жарайтын,
Бір-ақ уыс қара күл боп қалғым кеп.
От таппадым, түк таппадым тұлғамнан,
Соны ойлап...
Оңашада мұнданғам.
Шырпы жақсам жыртылады – жүрегім,
Қорабындай сіріңкенің суланған.
Жақсы екен ғой жанып өлу! – сенерме ең,
Жана алмадым, жанбаған соң көнергем.
Жақсы тұрмыс, даңықты емес басқадан,
Жақсы өлімді қызғанумен келем мен





Пікір жазу