09.06.2022
  137


Автор: Мерғали Ыбыраев

Бой мен ой

Демеймін жүйрік едім, жайсаң едім,
Жігіттің бойшаңы емес, ойшаңы едім.
Шығармын қысқа ғана қайың болып,
Денемді туған жерге қойса менің.
Ұзындар жүгірсе де арбаңдасып,
Ойыма талай ару болған ғашық.
Бойымда қырым ет жоқ, Қаңбақ шалмын,
Баптанып жүре алмаймын маң-маң басып.
Ойымды өлеңімнен көрсе дедім,
Жастардың жетсем деген мөлшері едім.
Салмағым алпыс қадақ арман емес,
Ақылмен алпыс тонна өлшенемін.
Болсайшы, баяғыдай тойтаң болса,
Жұлайын сақалынан сайтан болса.
Келе бер, қапың болса, сораңбойлар,
Қырықтың қызуынан мен тайғанша!..





Пікір жазу