09.06.2022
162
«Табу»
Қиялыңды айтпаңыз – қиялсызға,
- Қияли» - деп күлер ол, - ұялсын ба?
Махаббатты айтпаңыз, - армансызға,
- Мәжүнін! – деп күлер ол, - арлансын ба?
Таланттыны айтпаңыз – талантсызға,
Күйген іші жазылмас – жалап тұзға.
Ақылдыны айтпаңыз – ақылсызға,
Отырғызар аңдаусыз тақыр мұзға.
Жең ішінде тығылған пышақ барда,
Ірілерді айтпаңыз – ұсақтарға.
Қасіретінді айтпаңыз – қайғысызға,
Өз ішінен теңер ол – байғұс ұлға.
Бақытыңмен көзге ұрма – бақытсызды,
Соңғы оғымен кетер ол атып Сізді!
Сезінемін-ақ, жақсы емес сенбеу деген,
Бірақ қажет ұрғызбау талмау жерден.
Талмау жердің – ып-ыстық жүрегің ғой,
Соққы жедім сол жерден...
Білемін ғой!..