09.06.2022
  105


Автор: Мерғали Ыбыраев

Жастық мені жатырқап...

Жатпайтын жас кісіге не кәріге,
Ортаймас қырық жастың іңкәрі не?
Жалыны жиырмабестің сәнді-ау, деймін,
Шыдайды уақыттың кім кәріне?
Қол жетпей мұратыма көңіл жеткен,
Үкілі серіліктен сенім кеткен.
Қыз қалды қырық жасым қылжақтасты,
Алтын тіс ардакүрең келіншекпен.
Ендігі іңкәрім не алдан күткен,
Көрінбес күресу ме, жалғандықпен.
Желімдеп жібер мені ұяң мінез,
Жебе мені адами арман біткен.
Қорқыттай қорыққанмен қайда қашам?
Қайда қашам, қайрылып майдан ашам.
Тарқат сен! Бұрымыңды қыз-ғашығым,
Бұдыры жоқ арманнан тайғанасам!





Пікір жазу