09.06.2022
  104


Автор: Мерғали Ыбыраев

Тылсым

Қорықпа, құпиямен, тылсымменен,
Құпия – ақ бояу ғой кір сіңбеген.
Құпия – басың анау иықтағы.
Құпия – өз жүрегің дүрсілдеген.
Келтірсе кей ғалымдар құнды ақпарын,
Уақыт аз отыруға тыңдап бәрін.
Мыңдаған менделеев қажет әлі,
Ашуға мидың миллиард жұмбақтарын.
Жүрегің тулап соқса, елемедің,
Сен өзің ұғасың ба, не дегенін.
Құпия жүрек кілті, кілті емес ол,
Әжеңнен құрт ұрлайтын кебеженің.
Сенбейсіз, бір нәрсеге, сене тұрып,
Көрмейсіз, бір нәрсені көре тұрып.
Кетсең де бәрің бірдей өре тұрып,
Осыдан басқа жұмбақ бәрі өтірік!..





Пікір жазу