09.06.2022
136
«Аңшы»
Аппақ дала, қар жамылған – жол қайда?!,
Жатыр ауыл, тым-тырыс боп шалғайда.
Кәрі әже қар үстіне «шеп-шеп» деп,
Жем шашып тұр, тауыққа емес, торғайға!
Аяз бумай ақпанда да, қаңтарда,
Қыс қызығы, қыс ашуы тарқар ма?!
Қорықшы ата жем төгіп жүр науаға,
Атқа емес, таудан түскен арқарға.
Аяз қысса қаратпайды-ау, ерікке,
Жүр тағылар сенбей қарап, сеніп те...
Бұрқыраған жылы демі ауада,
Орманшы ата шөп шашып жүр елікке!
Билеті бар, (Бар асығы тұр алшы!),
Уставты да жатқа соққан ұраншы. –
Қорықшы ата күтіп жүрген арқарды,
Атып алып келе жатыр бір «аңшы»!