09.06.2022
  106


Автор: Мерғали Ыбыраев

Қоңыр көзәйнекті қыз

Қарағым-ай, сонша сұлу болармысың,
Қашаса осындай-ақ болар мүсін.
Теңеу іздеп не керек өзі теңеу,
Айтпасам да болады мен арғысын...
Күлімдеп тұра қалды сонадай кеп,
(Кисе де жарасқандай көне көйлек).
Жанарын ел көзінен жасырғандай,
Алыпты көзәйнекпен көлегейлеп.
Кім білсін, қорғанғаны күннен, бәлкім,
Қалай да көзәйнектің білген нарқын.
Әйтеуір әемпаздың бірі емес ол,
Көшеде көретұғын күнде әркім.
Көрдік те еш алаңсыз жүрген сені,
Күлімдеп көтерістік бірге еңсені.
Көзәйнек қорғағанмен күннен сені,
Көзәйнек сақтар дейсің кімнен сені?!





Пікір жазу