09.06.2022
174
ПАНФИЛОВШЫ
Бауыржан Момышұлына
Қыратта жүрген құр атқа,
Құр атқа – жұнттай пыраққа,
Пыраққа қазақ көрісті,
Көрісті үнсіз бірақ та.
Құшқанда жалы жібектей,
Жібектей жалын күректей,
Күректей қолмен сипады,
Иесі қара үлектей.
Жылан тіл – қызыл жалқыны,
Жалқыны – жайдың жарқылы,
Жарқылы түсіп егінге,
Отанын соғыс шарпыды.
Тістеді бармақ бұл енді.
Бұл енді түртсе түлен-ді.
Түлендей жігіт сауырдан,
Тартып кеп атын жіберді.
Тұлпарды бүйту обал-ды,
Обалды тұлпар оралды.
Оралып шауып келді де,
Көз көрмес жаққа жоғалды.
Иесі қорғап халықты,
Халықты қорғап, танкты,
Танкты соғып гранат,
Жалпылдақ отша жаныпты.
Москва Қызыл алаңы,
Ол өскен байтақ даланы,
Даланың батыр адамын,
Курантпен еске салады.