09.06.2022
  102


Автор: Жұматай Жақыпбаев

КҮЗГІ БАҚ. ТЕМІР ШАРБАҚ

I
Қараша айы. Ақшам. Аспанда ай.
Алтынмен көкке жақшаны ашқандай.
Шытырлайды бақ сәл аяңдасаң,
Аяқпен бопыр ақша басқандай.
II
Сұрторғай байғұс жеңіл салмақпен,
Бүлдірді-ау деп тегін сарнап па ең?
Қарағай, қайың қораланыпты,
Қоршалып ауыр темір шарбақпен.
Темір шарбаққа салмақ бұйырған,
Вагон әкелген арнап қиырдан.
Керекті жерге жетпей жатқанда,
Керексіз жерге арнап құйылған.
Керексіз темір бұл ғана ма екен?
Кейбір шыбығы ұрланады екен.
Шойыннан құйылған ақымақтық па,
Қайтадан жылда сырланады екен.
Шын дана ұлдар, шын дана қыздар,
Ақымақтықты сырламаңыздар.
Құруы керек жарқын шақтағы,
Тоғышарлықтың сарқыншақтары.





Пікір жазу