09.06.2022
189
АРУЛАРҒА
Өмірге күлімдеп келдім де,
Жауқазын жүрекпен, пәк мұңмен.
Тау жақта бір қызды көрдім де,
Өзімде жоқ мінез таптым мен.
Бөленіп бір асқақ сезімге,
Толқытқан шақтарда бойды әнім.
Аруға дін аман кезінде,
Ескерткіш қоюды ойладым.
Ілескен құйын бар соңымда,
Үй жығар екпінмен екпіндеп.
Жүгірдім со қыздың жолында,
Құрыса шәйіт боп кеткім кеп.
Қозғалар көп жанның дауы іштен, –
Дегенмен туса егер қайран күн.
Келеді көпшілік дауыспен,
Сендерге жыршы боп сайланғым.