09.06.2022
  124


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Басып тұр шегіртке шырылға..

Басып тұр шегіртке шырылға,
Күнгейде гүл қалың, шөп ыстық.
Ат үсті кездестік.
Ырымға
Сөз айтпай өбістік.
Жолықса жаныңа жайлы арман,
Жастықта шалқитын жерің көп.
Өбістік – су ішіп қайнардан,
Өбістік – бүлдірген теріп жеп.
Шың үсті. Жалаңбас, көйлекшең,
Құшақта құбыла дірілдеп.
Бұл маған тұрсаң да қой деп сен,
Өзіңнің тоқтайтын түрің жоқ.
Азулы тілекпен,
Көңілді батырып сан мұңға.
Самалдай үздіксіз гүл өпкен,
Жүрмін мен шалғында, шалғында.
...Жуасып, мінәжат өткердім,
Көре алсам сәрінің арайын.
Жұмақ ең. Жұмақты көп көрдім,
Босатшы, тозаққа барайын.





Пікір жазу