09.06.2022
  146


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Қарсы келсең себеді билік өлім...

Қарсы келсең себеді билік өлім,
Ол тек қана ажалдың киді кебін.
Мен де ажалмен ақырын сөйлесемін,
Мен де ажалға иілмей, илігемін.
Ішкі, сыртқы ерлігің жүрекке сын,
Селт етпесін білсең де, дір етпесін.
Ақсақ дедік біз Әмір-Темірді де,
Ол кеткесін...жүздеген жыл өткесін.
Қанша ұлымен қарындас шебер көрдім,
Көлеңкесін көрсе айтпас кең өртеңнің.
Шындық деген кешірек шығатын сөз,
Шындық деген еншісі тек ертеңнің.
Қауіпті емес өлгесін Темір де онша,
Ақын қайтпек қоңсылас өлім қонса?!
Бір құдай бар Бүгінге Ертең деген,
Ертеңге жет Бүгінге кегің болса.





Пікір жазу