09.06.2022
118
Жан-жағы толы тау, суға...
Жан-жағы толы тау, суға,
Толы бір жүйрік атқа да,
Көйлегі жасыл маусымда,
Көздері болса қап-қара.
Көк ала пішен жиғаны,
Шыбынсыз заңғар тауында.
Мейірімді қыздай ибалы,
Мен туған құйттай ауыл бар.
Береді асын дәмді етіп,
Сыйлайды бәрі барынша.
Ішесің, жейсің әндетіп,
Көңілің қалағанынша.
Еркінсің барлық үйде сен,
Мас болып беттен сүй мейлі.
Біреуге өзің тимесең,
Ешкім де саған тимейді.