09.06.2022
  119


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Мен қайтіп енді өмірді кері сүремін?

Мен қайтіп енді өмірді кері сүремін?
Шөп жеген иттей басымнан шаш жеді мұңым.
Жақсылығымның да мен кеше жемісін көрдім,
Дәмін де таттым. (Не деген ащы еді, інім?)
Кетеді кейде ағамның арманы да ағат,
Қара көз мұң ба қайыңның дұшпаны кілең?
Қазыналық билеттер болмады қанат,
Аздықтан шығар, сондықтан ұшпадым білем.
...Көктесің, Сәулем! Қарай ма Үркер де бері!
Аспаннан қарап аяй көр ішіңнен мені.
Аяқтан шалып абайсыз бір пенде мені,
Зындандай мұңға (зымстан) түсірген еді.
Ұға алмай қалдым қайда күй, қайда өлең селі?!
Шыға алмай қалдым...
Хал осы түсінсең мені.
Шатастырамын да жатамын Ай менен Сені,
Сәулеңнен ұстап шығар ем түсірсең бері.





Пікір жазу