09.06.2022
  116


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Ақтағы қара ирегі балғын...

Ақтағы қара ирегі балғын,
Жария, жаным, жаңалығы айдай.
Өртедің – күйдім, үйреніп алдым,
Азаптаушы енді жағады майдай.
Есім жоқ ешбір пәлені де ұғар,
Ауада малтып, елітіп, күліп...
Сен туған айдан әдемі не бар?
Салмақсыздықта жүрмін серілік құрып.
Бейілін барлық бергенде ғалам,
Қаған атам мен Гоуан атамның
Заманы қайтып келгендей маған,
Бес қызға құдайы қонақ атандым.





Пікір жазу