09.06.2022
193
Құтыршақ қыз құтырады жыласам...
Құтыршақ қыз құтырады жыласам,
Ондай жарық бере алмайды мына шам.
Ол туралы отынынан орыстың,
Жасалынған жас қағазға сыр ашам.
Көкем болды оны туып бұл ғалам,
Дос көңілім тек сол үшін күнде алаң.
Ақын емес, әкім бол деп ұрсады,
Құлына ұлы үнсіз-түнсіз тыңдаған.
Мұхит жаққа асығады әр өзен,
Сол бір ойы және қымбат, және жөн.
Мен Жалайыр Мұқылайдан артықпын,
Қият нәсіл қағанмен тең дәрежем.
Көсемдікке келіп те тұр форымым,
Әрі нәзік, әрі қатал қол, үнім.
Мен қалқамды жадыратар едім-ау,
Бес-алты айға берсе Колбин орынын.
«Мен – шөппін» деп ойлай ма өзін гүл кейде,
Олай емес деп отырмыз күнгейде.
...Біз байғұстың суретін жұрт көкке ілсе,
Ғұмыр бойы түспейтінін білмей ме?!