08.06.2022
  2699


Автор: Туған күнге тілек

Есік ашты жетпіс жас

Есік ашты жетпіс жас,
Құтты болсын мереке.
Отбасыңыз аман боп,
Арта берсін береке.

Қуандырсын жетпіс жас,
Ең бақытты сый сыйлап.
Жұбандырсын жетпіс жас,
Көтеріңкі күй сыйлап.

Жадырасын жаныңыз,
Әр күніңіз сәтті боп.
Қуаныңыз шаттана,
Саулығыңыз жақсы боп.





Пікір жазу