08.06.2022
144
Боларсың деп...
Боларсың деп сорым, әлде мақтаным
Сүйдім сені, сенен өзге таппадым.
Біздің үйге енген күні тақсын деп
Саған арнап жүрек сырға сақтадым.
Мұңым болсаң –
амалым не тағдырға
Мойымаспын жазмышымның алдында
Менің аппақ қос сезімім – қос сырға
Қуанышым, қызғанышым бар мұнда.
Шығарсың деп мұңым, әлде мақтаным
Саған арнап сақина да сақтадым.
Сығаласа күдік-сайтан кеудемнен
Елеңдетті күбірлескен бақтағы үн.
Бағым болсаң –
(мен де соны хош көрем)
Одан өзге қажет емес ештеңе.
Бақыт шіркін үркек дейді біреулер
Безіндіріп алам ба деп сескенем...