08.06.2022
  205


Автор: Жұбан Тасар

ЖЕТІ ҚЫЗ БЕН ӘЖЕ

Көзінде ана қуаныш,
Күлімдеп көпке қарайды,
Көңілі тауып жұбаныш
Бақытты өзін санайды.
Келіні алғаш босанып,
Алтын –деп қойды қыз атын,
Той қамы міне жасалып
Ұлы әкеп сойды өз атын.
Кезекті келді жерігі,
Келіні тағы көтерді,
Босанбай тұрып келіні
Ұлболсын –деп жөтелді.
Әйтседе ол да ұл болмай,
Қыз болды, әже күтпеген,
Ұлболсын қойды мәз болмай
Шықпаған ойдан діттеген.
Екі жыл өтті арадан,
Босанды келін тағы да,
Қуанып әже қараған
Тағдырға енді бағына.
Қыз болды бұл да жаңылмай,
Әженің көңілі толмады,
Есімін қойды Жаңылай
Қайткенмен ұлды болмады.
Көрсем деп енді тұяқты...
Әже де жүрді өле алмай,
Қорқатын өзі сияқты
Кетем бе деп көре алмай.
Келіні тағы босанып,
Қыз туды тағы арыстай,
Әже де бұған жасанып
Дәметіп ұлды қалыспай.
Дәметкен –деп ат қойды,
Жаңа туған бөбекке,
Жұмсартпады күпті ойды


Осындай тілек себеп пе?
Арада екі жыл өтті,
Босанды келін тағы да,
Әжесі тағы тілепті:
«Ұл болғай деп бағыма».
Тілегі қабыл болмады,
Қыз туды тағы шаршатты,
Сонда да өмір солмады
Әжесін қатты шаршатты.
Шаршаған қойды сәбидің,
Шаршадым ғой енді деп.
Қыз біткен мына ақ үйдің,
Шаңырағын жеңді деп.
Әженің жасын күн жепті.
Келіні тағы құрсақтап,
Көтерді тағы баланы
Үміттеніп сыр сақтап.
Оның атын Үміт деп,
Содан кейін қойды да,
Ешкінің жүнін түбіттеп
Қалжаға деп сойды да.
Тағы да екі жыл өтті,
Әл кетті әже бойынан,
Бір мүшел жасы құр өтті
Тілек кетпей ойынан.
Шақырды ұлын: –Өрнегім,
Немере бірақ көргенім,
Үмітке жетпей көрмегім –
Үлесім болмақ көр менің.
Ғұмырың сапар аян-ды,
Кекілді болса әулетің,
Шаңырақ жалғас саяңды
Асатын атақ, дәулетің.
Аманат қойғын есімін,
Аяла барлық құсыңды!
-деді де шеше шешімін
Соңғы рет қолын ұсынды...





Пікір жазу