08.06.2022
272
ЖЕМ
Өзен бар ма жер бетінде Жемімдей,
Сүйген жардың бой балқытар деміндей,
Айналасын нұр мен жырға бөлеген
Жанға дауа дәрігердің еміндей.
Толқыныңа елпілдеген елтемін,
Менен бұрын болған ғашық ерте кім,
Өн бойымнан төгіледі үндескен
Өзің жайлы мақтан жырын шертемін.
Бір өзіңнен қуат алам бөлекше,
Шомылғанда шабыт алам ерекше,
Жапырағы көлеңке боп көркейген
Өзім еккен ернектегі терекше.
...Жағалауда балғын құрақ бел ұйып,
Қоныс етіп ризық терген ел ұйып,
Қос құрлықты астастыра шайғылап
Жиектеген Жемнің бойы жерұйық.