ӨЗЕНІМ – ӨРКЕН ӨРЕЛІМ
Елімізде «Өзен – Қызылқая – Берекет – Этрек - Қорған» темір жол
тармағы Орта шығыстағы шырайлы елдерге шығатын ғаламдық темір
жолы тартылуда. Ардагер ағаның жанында тұрған немересі:
-Ата, бұл жолды салған кім? – деп сұрады.
Атасы сонда жеткіншекке былай деген-ді:
«–Халқымыз, айбын төр есім,
Ұшқыр ой кемел өресін
Танытқан ізгі ісімен
Әлемге елдің төресін.
Ғасырлар бойы тоң болған,
Жібіткен ісі оң болған,
Арасын жалғап он сан ел
Қақпасын ашар жол салған.
Мұздарды жарған өр ісі,
Болат жол – шалғай өрісі,
Жерорта демі демделіп
Есілтер лебін бөлісі!
Қарулы қолдар терлеген,
Тау-тасты ойып зерлеген,
Өңірлік жиек әдіптеп
Қос тінді түйіп ерлеген.
Керілген сымдай тартылар,
Күймелер жасыл жарқырар,
Қызылды, жасыл жасанып
Ынтымақ – бірлік артыллар
Әлемдік нарық жарысқа,
Күре жол – келіс-барысқа,
Керуен тартар жасауды,
Ұзатып салар алысқа.
Түрікмен беттен бел асар,
Ираннан өтіп ел асар,
Жақын қып сонау парсының
Бұғазын көктей жер асар...
Ақ көйлек киген легім,
Жүргейсің дақсыз! – тілегім
Пәк жаның құштар білемін,
Өзенім өркен өрелім
Ұластыр ата білегін!»
Ұлы жол – жорық сеземін:
өрлетер өрге тез елін
ізгілік ізбен сапарда –
өр өскін күткен кезегін!