08.06.2022
  223


Автор: Аталық Әбдешұлы

САБЫР БАУРЫМ, САБЫР!

Тәуелсіздіктің жолы тақтайдай тегіс болмағаны да баршамызға
мәлім. Ел экономикасында дағдарысты кезең де болмай қалған жоқ.
Осыған дейін біздің сана-сезімімізге сіңіріліп, ойымызда берік орныққан
адамгершіліктің не бір асыл қасиеттері замана ағынының екпініне
ұшырап, қара бастың қамын ғана ойлайтын күйкі тірліктің шылауына
оратыла бастады. Қалың бұқараның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы
нашарлап, кедейліктің кеселдерін асқан төзімділікпен бастан кешіп
жатты. Сондай мезгілдің бірінде тұрмыс деңгейі төмен жұмыскерлердің
бір тобы ашынғаннан алаңға шықты... Жалақыны уақытылы төлеуді ...
талап етті:
«- Өтпелінің өкпегі өктем бе еді:
күні кеше арлының ары кетті,
майда сауда жолында жары кетті.
бей-берекет болған соң билік басы,
Жарлық пенен қаулының жаны кетті,
жосықсыз әрекетті тезге салар
ақыл-кеңес айтудың дәмі кетті,
ардагердің өтемсіз малы кетті,
ауқаттының нашарлап әлі кетті,
кәсібіне адалдың салы кетті,
әділдік пен қамқорлық тағы кетті.
тіршіліктің міңірсіз қамыменен
сұлулардың ажарлы әрі кетті.
балғын қыздың мезгілсіз тәні кетті,
келе алмаған сәбилер елі кетті,
сүреңсіз мына дүние сан сұрланып,
адамдардың мезгілсіз әлі кетті
жүйріктердің бәйгесіз тері кепті.
заңсыздық пен озбырлық құрбаны қып,
көзапара адамды балық етті.
жан дүние рухани жұтаң тартып,
жетегінде өзге елдің тілім кетті,
біліктілік, шеберлік ол да кетті,
әділдіктің аулы әрі кетті.
жасандылық белең ап сәні кетті.
бір ұрпақтың Арманы, әні кетті,


өтпелі кез бәрін де тәрік етті,
ой-сананың өлшемі өзгермесе,
...бәрі кетті, бауырым, бәрі кетті!
Теңге теңсіз бөлініп солға кетті,
алаяқтың қолынан қолға өтті.
жалақысыз адамдар Қолға жеткен,
ақымызды төлеңдер молға кеткен!»
- деп ашына сөйледі ашаң жігіт,
Қаймықпастан бәйгеге басын тігіп.
- Ей, бауырым, Алаңға кеп ашындың ба?
Алымқорлар тежеусіз басынды ма?
Жалақысын жарты жыл алмағандар,
Шер тарқатып,көңілің ашылды ма!
Айтқан сөзің бәрі рас, өтпелі кез:
дағдарысқа шарпыды даламызды,
ойсырата омырды санамызды,
улы әдеті батыстың бас берместен,
ушықтырды бұрынғы жарамызды.
Түсінемін: нарыққа дайындықсыз,
еніп кеттің жүйеге жайың ықсыз.
еңбегіңнің зейнетін көргізбеген,
бәлкім, туған жұлдызың, айың құтсыз...
Торлаған бұлтты күннің бәрі де өтер,
Ашылып көк аспаннан әрі кетер,
Келешек алғы өмірден болма үмітсіз,
Жарқырата айнала шуақ шашар,
Мезгілге де, бауырым, сабыр сақта
Қарымдылық, бірлікте қолың жетер!





Пікір жазу