08.06.2022
  321


Автор: Аталық Әбдешұлы

МАҢҒЫСТАУ

Иемен бәрі сүзілген,
Шығанақ, түбек үзілген
Астымен- үсті астасып
Адамға ризық түзілген.
ххх
...Білімпаз небір тер төккен
Тылсымның сырын төрлеткен
Ашуға үміт болжамын
Кезекті ғалым өрлеткен.
Басталған ерлік тың дастан
Тұлғалар іздеп тынбастан,
Білекпен өткен шың, тастан
Тереңге тартқан бұрғыдан
Құйындап ұңғы сел басқан
Қақпасын жарып «бел» асқан
Атылған мұнай бұрқаққа
Шомылған сәті жер- аспан!
Қойнауға бүгіп жасырған
Несібе ұлас ғасырдан
Ұрпаққа бүгін бұйырып –
Әлемге даңқын асырған.
Қапаста бөккен қабаттан
Турылып сырғи сағақтан
Жарықа шыққан арыны –
Көрінді аймақ абаттан.
Теңізден ақ жол таңдаған,
Қазкеуде кеме самғаған


Артылған дәулет жан-жақпен
Ұрпаққа ырыс қамдаған –
Дәуірлер көзін аялап,
Жапырақ жандар саялап
Үрімпар үнмен халқының
Желпіген рухын бай алап!





Пікір жазу