08.06.2022
  154


Автор: Қайырды Назырбаев

МЕНЕН БАСҚАЛАРДЫҢ БӘРІ ХАЛАЛ ЕКЕН...

 


Қалихан Ысқақтың 80 жылдық мерейтойы мен Қаратай батырдың ескерткішін ашу рәсіміне 2015 жылы Катонқа- рағайға Астана мен Алматыдан жазушылар Кәмел Жүністегі, Қайырды Назырбаев, Әлібек Асқаров, Бексұлтан Нұржеке, Кәдірбек Сегізбай, Қуанышбай Құрманғалимен бірге ақын Әділғазы Қайырбеков та келеді. Алыстан келген қонақтарды Катонқарағай ауылындағы «Баян» қонақ үйіне әкеліп орна- ластырды.


Сонда Әділғазы Қайырбеков, Қайырды Назырбаев, Кәмел Жүністегі, тарихшы Ахмет Тоқтабай төртеуі бір бөлмеге жайғасады. Сұрастыра келсе, Қайырды да, Кәмел де, Ахмет те арақ-шарап ішпейтіндер қатарында екен. Сонда Әділғазы: – Менен басқалардың бәрі халал екен ғой, – де- ген екен.





Пікір жазу