08.06.2022
218
ШАЙ ІШКІҢ КЕЛСЕ, ДИНГОНЫ МАҚТА
Өскеменде тұратын қарындасым Сағат пен күйеу балам Рысбектің Зайсанда тұрғанда қатты араласып тұрған Зарқын деген жақсы жолдасы бар. Көп жыл Зайсанда аудандық ау- рухананың бас дәрігері болып істеген. Қазір Өскеменде тұрады. Зарқынның келіншегі Мәмилә (ол да дәрігер) жеті қазынаның бірі итті жақсы көреді екен.
Зайсанда тұрғанда өздерінің Динго деген иті болды. Үйге кірмес бұрын есік алдында адымен Дингоны еркеле- тіп, «апырай, мынау не деген ақылды ит» деп мақтай кірсең болды, барлық жылы-жұмсақ сенікі, шайға да тоясың. Егер Дингоға тіл тигізсең, шай дәметпе, – дейді Сағат.
2013 жылы жазда Сағаттың алпыс жылдық мерейтойына барғанда Сағаттікіне Зарқын мен Мәмилә келіп, Зайсан- дағы күндерін, Дингоны еске алып мәз болдық.