08.06.2022
  157


Автор: Қайырды Назырбаев

«ГУМАНИТАРНЫЙ ПОМОЩЬ» КЕЛЕДІ

 


Астанада тұратын бір азамат кешке қарай бір ағайын- дарының үйіне келіпті. Үй иелері жоқ, бала-шағалары ғана отырса керек. Күн кешкіріп бара жатса да, балалардың кеш- кі тамақ әзірлеуге асығар түрлері жоғын көріп, ол: – Кешкі тамақтарың қайда? – десе, олар: – Қазір «гуманитарный по- мощь» келеді, – депті.


Сөйтсе, әке-шешелері қонаққа кеткен екен. Астанада қонаққа шақырған үйдің кетерде келгендерге дастарханда қалған азық-түлікті қылдай ғып бөліп, пакетке салып бе- ретін дәстүрі барын білетін балалар тамақ істеп әуре бол- май, «гуманитарный помощь» күтіп отырған түрлері болса керек.





Пікір жазу