КЛИЕНТІМІЗДІ ДЕ ҚАҒЫП КЕТТІҢ
Астанада тұратын катонқарағайлық жерлестер Қайырды Назырбаев, Елжан Сейтенов, Болатжан Бимурзин, Мырзабек Қабылов бір-бірлерімен отбасылары болып жақсы араласып, сыйласып тұрады екен. Соңғы үшеулерінің жекеменшік маши- налары бар, әмбе жастары да кішірек. Үлкеніміз деп сыйлаған- дары да болар, олар Қайырды ағалары мен Күлия жеңгелерін қонаққа бірге шақырған жерлерге барарда оларды үйлерінен алып кетіп, қайтадан әкеліп тастап жүреді екен.
Бірде, олардың барлығын Астанадан жиырма шақты шақырымдай қашықтықтағы Ильинка ауылында тұратын Елжан мен Ардақ ұлдары Даниярдың Англиядан оқу біті- ріп келген қуанышына қонаққа шақырыпты. Мырзабектің үйі Кәкеңдердікіне жақын болса керек. Оларға Мырзабек телефон соғып: «Үйде дайын отырыңдар, кетерде ала кете- міз» деп ескертіп қояды. Іле-шала Болатжан телефон соғып:
«Кәке, сағат нешеде шығамыз, келіп ала кетейік», – дейді. Сонда Кәкең: «Болатжан, ренжімей басқа клиент іздеме-
сеңдер болмас. Бізді Мырзабек алып кететін болды», – дейді. Жігіттер қонақтан шығып, Елжандікінен үйді-үйлеріне тарағалы, әркім келген көліктеріне отырып жатса керек. Кәкеңдер көршілері, өздері келген Мырзабектердің маши- насына отырып жатса, Болатжан Мырзабекке қарап: «Ан- да-санда қонаққа барғанда машинамызға отырғызып алып
жүрген «клиентімізді» де қағып кеттің?!» деген екен.