08.06.2022
164
НЕМЕРЕ, ШӨБЕРЕ КӨРЕ АЛМАСПЫН
Еңбек ауылының тұрғыны Ерсайын Нүрсеев жас кезінде
«әләулаймен» жүріп, уақытында үйленбей жүріп қалса керек. Онан кейін «көк етікті» кездеспей, «көн етіктіге» өзі қарамай жүргенде жас шіркін шапқан аттай зулап өтіп, отыздан асыңқырап кеткенде әрең бас құрапты. Сонда тұрып,
Ерекең құрдастарына былай деп мұңын шағып тұрса керек:
– Бала көрсем көрермін, олардан туған немере, шөберелерді көре алмайтын шығармын, – деп.