07.06.2022
  829


Автор: Ескен Елубаев

Спорт туралы жұмбақтар жауабымен жинағы

КIМНIҢ ҰШҚЫР ОЙЫ


Кiмнiң ұшқыр ойы?
Сайысатын кiмдер айт,
Екi тайм бойы?
(Футболшы)
Кiмнiң ұшқыр ойы?
Сайысатын кiмдер, айт,
Мұзда үш кезең, бойы?
(Хоккейшi)
Кiмнiң ұшқыр ойы?
Сайысатын кiмдер, айт,
Үш раунд бойы?
(Боксшы)
Сайысатын кiмдер, айт,
Спорттың үш түрiнен:
Жүгiруден,
Жүзуден,
Велосипед теуiп жүруден.
(Триатлоншы)
Кiмнiң ұшқыр ойы?
Сайысатын кiмдер, айт,
Бес партия бойы?
(Волейболшы)
Кiмнiң ұшқыр ойы?
Бəсекелесетiн кiм, спорттың
Алты снаряд түрi бойы?
(Гимнасшы)
Кiмнiң ұшқыр ойы?
Жарысатын кiмдер, айт,
Бiрнеше этап бойы?
(Велосипедшiлер)
 Жүз метрге жүгiрген,
Желаяқты кiм бiлген?
(Спринтер)
Қырық екi шақырым қашықтан,
Жүгiрiп өтiп машыққан.
(Марафоншы)
Ұзын сырық қолында,
Секiрер биiк жолында.
(Сырықпен секiрушi)
Допты алып қолға,
Дəл түсiрген торға.
(Баскетболшы)
Күштiлер бар небiр,
Көтерген ауыр темiр.
(Штангашы)
Мұз айдында тайғанақ,
Жарысқандар сырғанап.
(Конькишi)
Екi мықты «мен» дескен,
Бiр-бiрiмен белдескен.
(Палуан)
Найза лақтырып алысқа,
Түсетiндер сайысқа.
(Найза лақтырушылар)
Мiнiп алып арғымақ,
Кедергiлерден қарғымақ.
(Ат спортшысы)
Қарсылас екi топ,
Суда ойнап жүр доп.
(Ватерполшы)
 Шеберлiк көрсетiп жүргендер,
Ағаш атқа мiнгендер.
(Гимнасшы)
Айдын суда жалтыр,
Құлаштап жүзiп малтыр.
(Жүзгiш)
Аяққа тағып шаңғысын,
Аспанға ұшып қарғысын.
(Слаломшы)
Қолдарымен бiр допты,
Он екi ойыншы соқты.
(Волейболшы)
Нысанаға қадап,
Атып жатыр садақ.
(Садақшы)
Бойынан да биiкке,
Секiрiп жүр қиналмай
Адам ба бұл, киiк пе?
(Биiктiкке секiрушi)
Келедi бiр топ алыстан,
Жаяу жүруден жарысқан.
(Спорттық жүрiс)
Мылтықпен көздеп атқандар,
Аспандап ұшқан табақты
Быт-шыт қылып жатқандар?
(Мерген атқыштар)
Өрмелеп биiк шыңға,
Түсетiндер сынға.
(Альпинист)
Мұзды алаң,
Билеп жүр екi адам.
(Мұзда билеу)
 Қайықта жалғыз ескек,
Онымен қалай еспек!
(Байдаркашы)





Пікір жазу