07.06.2022
  173


Автор: Ескен Елубаев

МАҚҰЛЫҚТАР ƏЛIПБИI

Бiлетiн бар кiм?
«А» əрпiн,
Қайсы жыртқыш
Айта алар айқын?
(Арыстан, ақырып)
Бiлетiн бар кiм?
«Ə» əрпiн,
Қайсы құс
Айта алар айқын?
(Əупiлдек, əупiлдеп)
Бiлетiн бар кiм?
«Б» əрпiн,
Қайсы мақұлық
Айта алар айқын?
(Бақа, бақылдап)
Бiлетiн бар кiм?
«Г» əрпiн,
Қайсы жəндiк
Айта алар айқын?
(Ара, гуiлдеп)
Бiлетiн бар кiм?
«Ж» əрпiн,
Қайсы жəндiк
Айта алар айқын?
(Қоңыз, гүжiлдеп)
Бiлетiн бар кiм?
«З» əрпiн,
 Қайсы жəндiк
Айта алар айқын?
(Маса, ызыңдап)
Бiлетiн бар кiм?
«К» əрпiн,
Қайсы құс
Айта алар айқын?
(Көкек, көкектеп)
Бiлетiн бар кiм?
«Қ» əрпiн,
Қайсы құс
Айта алар айқын?
(Қарға, қарқылдап)
Бiлетiн бар кiм?
«М» əрпiн,
Қайсы жануар
Айта алар айқын?
(Қой, маңырап)
Бiлетiн бар кiм?
«Ш» əрпiн,
Қайсы құс
Айта алар айқын?
(Шағала, шаңқылдап)
Бiлетiн бар кiм?
«Ө» əрпiн,
Қайсы мал
Айта алар айқын?
(Сиыр, мөңiреп)
Бiлетiн бар кiм?
«П» əрпiн,
Қайсы мал
Айта алар айқын?
(Жылқы, пысқырып)
Бiлетiн бар кiм?
«Р» əрпiн,
Қайсы мақұлық
Айта алар айқын?
(Ит, ырылдап)
Бiлетiн бар кiм?
«С» əрпiн,
Қайсы мақұлық
Айта алар айқын?
(Жылан, ысылдап)
Бiлетiн бар кiм?
«Ұ» əрпiн,
Қайсы жыртқыш
Айта алар айқын?
(Қасқыр, ұлып)
Бiлетiн бар кiм?
«Ү» əрпiн,
Қайсы құс
Айта алар айқын?
(Үкi, уһiлеп)
Бiлетiн бар кiм?
«Ш» əрпiн,
Қайсы мақұлық
Айта алар айқын?
(Тышқан, шиқылдап)
Бiлетiн бар кiм?
«Я» əрпiн,
Қайсы мақұлық
Айта алар айқын?
(Мысық, мияулап)





Пікір жазу