07.06.2022
204
КӨКТЕМ КЕЛДІ
Көктем келді.
Жер жүзі құлпырады,
Осындай кез көңлімде жыр тұнады.
Менің де сезіміме қозғау түсті,
Жүрегім әлденеге бұлқынады.
От кеудем, ыстық сезім, махаббат па?
Білмедім бұл ғажаптың тұрқын әлі.
Келеді өлең айтқым, ән де салғым,
Жүрегім шымырқаншы, сілкін кәні!
Тамсантып, тамылжытып, мамырлатып
Салатын қалқатайдың шіркін әні!
Кетпейді құлағымнан еш уақытта,
Есіме түссе көңілім бұлқынады.
Көктем келді.
Жүрегім бұлқынады,
Сені іздеймін көңілім шарқ ұрады.
Табармын, табысармын түсінісіп,
Келешегім алдымда жарқын әлі.