07.06.2022
  302


Автор: Сәдуақас Абдынасырұлы

СТУДЕНТ ӘНІ

Үңілген
том-том кітап беттеріне,
Уақыттың
өтіп міне кеткені ме?
Ай бойы көз ілместен жүргенімде,
Демалыс зарықтырып жеткенің бе?
Ұшайын
ауыл жақ та көп көңілде,
Байқалмас
бұл уақыттың өткені де.
Сүйген қыз,
сен ауылда қалып едің,
Оқуға мен қалаға кеткенімде.
Каникул
қызықтарың келді жетіп,
Сайрандап қалайыншы кетпей өтіп.
Сүйген қыз
есігіңнің алдындамын,
Шықсайшы
сөйлесейік неғып-нетіп.
Сен үшін
қайғы-мұңды шекпедім бе?
Сырыңды
іздеп келсем бүккенің не?
Мен болсам
бақытым деп біліп едім,
Өзіңді алғаш рет өпкенімде.





Пікір жазу