07.06.2022
  123


Автор: Сәдуақас Абдынасырұлы

ДОСТАРЫМА

Кетсек біздер,
Біріміз-бірімізден жырақ тұрып,
О, бауырларым,
Мен сендерді сағынам жылап тұрып.
Себебі сендер үшін ыстық сезім,
Жүрегімде мөлдіреп тұрад тұнып.
Өздеріңе көңілім бұлақ тұнық,
(Талай байқап
көрдіңдер сынақ қылып.)
Сәл нәрсеге өкпелеп қалатығұн,
Көңілімде бар әлі бала қылық.
Тұрсақ та алыс жерге жырақ барып,
Қиялмен әрқайсыңа шын-ақ барып.
Өткен күннің елесі еске түсіп,
Өтеді көз алдымнан парақтанып.
Қалсақ та
алыс жерде тұрақтанып,
Жүрек бірге қалмайсыз жырақтанып.
Еске түскен кей сәтте өздеріңе,


Тұрамын сағынышты жыр ақтарып





Пікір жазу