07.06.2022
  133


Автор: Сәдуақас Абдынасырұлы

КӨҢІЛ ҚАЛАЙ БІРЛЕНЕР...

Адамдар бар
аузын айға білеген,
Батырлар бар
қайыспайтын кіл емен.
Бұл өмірге наразы боп түңіліп,
Кейбіреулер өз тағдырын сілеген.
Өмір деген
Міне, осылай түрленер,
Осы жолда абыроймен жүрген – Ер.
Сен күрсінсең тағат таппай қиналып,
Шарқ ұрумен көңіл қалай бірленер?
Жүректе бар
әр түрлі ойлар дүреген,
Махаббаттан бір жасарып түлеген.
Менің жаным шүберекке түюлі,


Сен бақытты болса екен деп тілеген.





Пікір жазу